Шымкет қаласы білім басқармасының
«№2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 29-39-93
+7(771) 238-14-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Құтқарушылар күні»
23
ноябрь
2021
«Құтқарушылар күні»
№2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының 10 сынып оқушыларының қатысуымен, «Құтқарушылар күні» мерекесі аясында «Менің дабыл шабаданым» тақырыбында дайындық сабақ жүргізді. Оқушылар тақырыпқа сай құрал -жабдықтарды пайдалана білді. Жетекші: АӘТД пәнінің оқытушысы Тулбаев Даулет Жанадилович. #Тревожный_Чемоданчик_МЧС #kz_nvs #tjm_mchs
Президенттік тест алынды
11
ноябрь
2021
Президенттік тест алынды
№2 Мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатында, қазан айының 6-10 күндері аралығында 7-9-11 сыныптар аралығында және де мектеп ұстаздарының арасында Білім басқармасы дене шынықтыру және Спорт басқармасының 2021 жылғы 16 қыркүйектегі  №18-06-04/1349 хатына сәйкес Президенттік тест алынды. Айтулы сынаққа қатысқан мектебіміздің ұстаздары мен білім алушылары өзіндік жоғары белсенділіктерін көрсете білді.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
10
ноябрь
2021
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
2021 жылы 9 қазанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні, Тәуелсіздіктің 30 жыл толуына орай Абай ауданына қарасты білім беретін мектеп оқушылары арасында  «Тәуелсіз елдің тұлғасы» атты ашық дебат турнирі ұйымдастырылды. Осы турнирде мектебіміздің 10-сынып оқушылары Райымбек Бекжан мен Көбей Ұлпан орыс тілі командалық лигасынан 2-ші орын иеленді. Ағылшын тілі лигасына қатысқан Есіркеп Рамазан мен Өтеулі Ақерке 3-ші орынға ие болды. Оқушыларымызды шын жүректен құттықтай отырып, жастар
АДАМДЫ ТӘРБИЕЛЕЙТІН ҚАТАЛДЫҚ ЕМЕС МЕЙІРІМ.
07
ноябрь
2021
АДАМДЫ ТӘРБИЕЛЕЙТІН ҚАТАЛДЫҚ ЕМЕС МЕЙІРІМ.
Бір келіншек хат жазыпты.."14 жаста қызым бар, қалағанының бәрін әперіп отырмыз әкесі екеуміз, бірақ өте қырсық, өтірікті көп айтады, ұрдым,ұрыстым, жәй айттым, дым нәтиже жоқ" депті.. Қызыңызды маған алып келіңіз болмаса өзін жіберіңіз дедім... Ертіп келді.. Келе салып ұрыс басталып кетті.. Айқайлап жатқан анасы... Қызы жұлынып әрең отыр.. Екеуін әрең дегенде сабырға шақыру үшін екі бөлмеге бөлек отырғыздым да бір-біріне хат жазуын өтіндім... Анасына "ешқандай өкпе ренішсіз махаббатқа толы хат
«Оқуға құштар мектеп – үш тілде...»
04
ноябрь
2021
«Оқуға құштар мектеп – үш тілде...»
№2 мамандандырылған үш тілде оқытатын-мектеп интернатында тілдер мерекесінің айлығы қарсаңында «Оқуға құштар мектеп – үш тілде...» тақырыбында іс-шара болып өтті. Жазғы демалыста әрбір оқушыға оқу үшін белгіленіп берілген 30 кітапты талдау барысында  9-10-сыныптар арасында сыныпаралық сайыс болып өтті. «Мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз, ағылшын тілін үйренеміз» ұранын ту етіп ұстаған үш тілде оқытатын мектеп шәкірттері оқылған кітап бойынша аталған тілдерде талдау жұмыстарын
«Үздік педагогпен»
03
ноябрь
2021
«Үздік педагогпен»
Сүйінші! Сүйінші! Сүйінші!        С.Ж. Сауранбаевтің басшылығындағы №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының қоржыны тағы да бір «Үздік педагогпен» толықты.    «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығып, оза шауып көш басына шыққан физика пәнінің қарымы мықты ұстазы- Каймакбаева Калида Негизбаевна «Үздік педагог-2021» байқауының жеңімпазы атанды. Былтыр биология пәнінің ұстазы Таукебаева Ұлбосын «Үздік педагог-2020» байқауының жеңімпазы атанған болатын. Мұндай жеңістеріміз
ХИМИЯ АПТАЛЫҒЫ
02
ноябрь
2021
ХИМИЯ АПТАЛЫҒЫ
Мектебімізде «ХИМИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚҰПИЯСЫ ТҰҢҒИЫҚ, КӨЗ ЖЕТПЕЙТІН МҰНАРАСЫ ТЫМ БИІК» атты апталық өткізілді.  #апталық  #химия #ғылым