02
октябрь
2023
Жаңа оқу жылындағы алғашқы жеңіс!
Сүйінші! Былтырғы оқу жылында әлемдік деңгейде өткен роботтар жарысында жүлделі орын алған информатика пәнінің мұғалімі Тастанбек Беклан жаңа оқу жылында Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника федерациясы республика бойынша робототехника олимпиадасының іріктеу кезеңіне қатысып, жүлделі І орынды иеленді. Ізденімпаз мұғалім бұл олимпиадаға екі командамен қатысты, екеуі де жүлделі орын алды. Жаңалыққа жаны құмар ұстаздың үздіксіз еңбегінің нәтижесі. Біз Беклан ұстазбен мақтанамыз! Жарайсың, Беклан! Сәттілік серігің болсын!
Роботтарды жарыстыру барысында «Асық ату» категориясы бойынша қатысқан оқушыларымыз Давидқызы Адия мен Қаныбек Әминаға, «Арқан тартыс» категориясы бойынша қатысқан Аманбай Бақдаулет пен Қасымбек Рамазанға тек биіктерден көріне беріңіздер дей келе, мектеп әкімшілігі осы оқушылардың ата-анасына алғыс білдіреді!