04
апрель
2025
Халықаралық балалар кітабы күні
Кітап әр адамның сауалына жауап беруде бар нұрын құятыны сөзсіз. Ол барлық мәселені шешіп, алға жылжуға мүмкіндік береді.
2 сәуір – балалар жазушысы, ақын әрі ертегіші Ганс Христиан Андерсеннің туған күні. Дәл осы күн Халықаралық балалар кітабы күні болып белгіленген.
Осы мерекеге орай № 2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатында оқушылардың кітап оқуға құмарлығын, рухани байлығын, шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында “Біз таңдаған кітаптар” шарасы өтті. Бұл шараны өткізудегі мақсат- кітап біздің байлығымыз, жан азығымыз, қазынаның асылы, өмірдің шырағын жағар құнды мұра екенін түсіндіре отырып, оны бағалауға үйрету. Оқушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттыру.


