03
октябрь
2023
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының директоры қызметін атқарып отырған Сауранбаев Сапарғали Жакиұлы өзінің атқарып отырған еңселі еңбек жолын ең алғаш аталған білім ордасынан бастаған болатын, өмір жолындағы саналы ғұмырын баланың тәлімі мен тәрбиесіне, білім жолына арнап отырған азаматтың өрелі ұстаздық жолы - осы уақытқа дейін тек биік белестерден көрініп келе жатыр. Еңбекпен қайнаған, көтерер жүгі ауыр атқарылып келе жатқан еңбектің нәтижесі де тек керемет жетістіктерімен қуантып келе жатыр.
Осындай қажырлы еңбек жолының басында келе жатқан Сауранбаев Сапарғали Жакиұлы бүгін арнайы "Білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің салалық кәсіподағына еңбегі сіңген қайраткер" белгісімен марапатталып отыр.
Бұл да атқарып отырған еңселі еңбегіңіздің толағай жемісі деп білеміз. Ұлағатты ұстаз, өрелі басшы жолындағы қызметіңізге тек шығармашылық табыс тілейміз, алар асуларыңыз мұнан да биік бола берсін.