Шымкет қаласы білім басқармасының
«№2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 29-39-93
+7(771) 238-14-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
октябрь
2023

Су қауіпсіздігі

№ 2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының мектеп оқушылары Тұран аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының мамандарымен бірлесіп , "Су қауіпсіздігі" тақырыбында іс-шара өтілді. Тұран аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының инженері  Тасыбек Нұрбек, сүңгуірлер құтқару бөлімше бастығы Бауыржан Әсетович, қызметкер Анарметов Шухрат оқушыларға суда өзін дұрыс ұстау ережелерін, аяқтың тырысуы болған жағдайда, суға батып бара жатқан адамды шамалауды, оған алғашқы медициналық көмек көрсетуді түсіндірді. Сүңгуір ауа балонының қызметін, қалай қолданатынын көрсетті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Қарымбаева,  оқушыларға  суға түсудің ереже тәртібін, су айдынында шомылуға барған кезде де, суға түсуге рұқсат етілген, қауіпсіздігі сақталған, толқыны жоқ жерлерде шомылу қажеттігін айтып өтті.
 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив